jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Велоспорттан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды басып озып, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

    Велоспортшы
    Велоспортшы. Фото: olympic.kz

    Велоспорттан Қазақстан командасы Алматыдағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық велоспортшылар аралас командалық эстафетада топ жарды. Бұл жарыста ел намысын Рината Сұлтанова, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова қорғады.

    Екінші орынды Өзбекстан еншілесе, үшінші орынды Гонконг командасы қанжығалады.

    Еске салайық, велотректен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болған еді. Аталған лицензия жеке спортшыға емес, ұлттық федерацияға беріледі. Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.

    Велоспорттан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды басып озып, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.