Қазақстан футбол федерациясы алматылық "Қайрат" футзал командасының және Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игитаның қатысуымен болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен "Қайрат" АФК капитаны Лео Игитамен және өзге де алматылық ойыншылардың қатысуымен болған жағдай ұйымның тиісті заңды органымен қарастырылатынын мәлімдейді.
Федерация мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауына, ойыншылар арасында этика мен кәсібиліктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, сондай-ақ жанкүйерлер арасында мұндай оқиғалардың алдын алуға бар күшін салады. Барлық жағдайлар талданып, қажетті тәртіптік шаралар қабылданады", - делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасының және алматылық "Қайрат" клубының ойыншысы Лео Игитаның басы дауға қалғанын жазған едік. Оның "Астана" және "Ақтөбе" командаларының туы мен шарфын таптаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кейін осы әрекеті үшін Игита жанкүйерлерден кешірім сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2114925-qazhetti-tartiptik-sharalar-qabyldanady-qff-leo-igitanyng-areketine-qatysty-malimdeme-zhasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.