jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Елена Рыбакина
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Елена Рыбакина. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз.

    Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін.

    Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін", - делінген құттықтау хатта.

    Бүгін, 17 маусым қазақстандық қос теннисші Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің туған күні екенін жазған едік.

    Елена Рыбакина – 2022 жылғы "Уимблдон" турнирінің чемпионы. Ол биыл үш турнирде жеңіске жетті. Атап айтқанда, Брисбен (Аустралия), Абу-Даби (БАӘ), Штутгартта (Германия) өткен WTA 500 санатындағы жарыстарда топ жарды.

    Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.