Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Қазақстандық ескекші
Қазақстандық ескекші. Фото: olympic.kz

Таиландтың Район аймағында өткен байдарка мен каноэде есуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 30 медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық ескекшілер жарысты 11 алтын, 7 күміс және 12 қола медальмен аяқтады. Турнирге 17 елден спортшылар қатысты. 

Еске салайық, сәуірде Токиода (Жапония) өткен каноэ мен байдаркада ескек есуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына 6 жолдама жеңіп алған еді. Мария Бровкова мен Руфина Искакова екілік каноэде 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып келді.

Сондай-ақ Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла екі адамдық байдаркамен 500 метр қашықтықтағы сайыста чемпион атанып, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Сонымен бірге Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан мәре сызығын бірінші болып кесіп, лицензия иегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2119251-qazaqstandyq-sportshylar-aziia-chempionatynda-30-medal-zhengip-aldy/