Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: қазақстандық мерген іріктеу кезеңінен ары аса алмады

Жарияланған күні:

Қазақстандық мерген Мария Дмитриенко
Қазақстандық мерген Мария Дмитриенко. Фото: olympic.kz

Cтенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сүрініп, жарыс жолын аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мария Дмитриенко трап сайысында бақ сынап, 10-орынға жайғасты. Ол 5 раундта 120 ұпай жинады. Ал ақтық сынға үздік нәтиже көрсеткен 6 спортшы жолдама алды.

Айта кетейік, Мария 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген еді. Ал биыл сәуірде Катар астанасы Дохада өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Қазақстандық мерген 2023 жылы Бакудағы (Әзербайжан) әлем чемпионатында аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанған болатын.

Стенд ату спортынан Париж Олимпиадасына тағы екі қазақстандық спортшы Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қатысады. Олар скит сайысында бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142465-parizh-olimpiadasy-qazaqstandyq-mergen-irikteu-kezenginen-ary-asa-almady/