Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдос Сметов ыстық ықыласпен күтіп алған жанкүйерлерге алғыс айтты

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 5 тамызда Елдос Сметов бастаған дзюдошыларымызды жанкүйерлер Алматы әуежайынан күтіп алып, ыстық ықыласын білдірген болатын. Осыған байланысты Елдос Сметов ерекше қолдау білдіріп, күтіп алған жанкүйерлерге алғысын айтты, деп KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінгі іс-шарада мені құрметтеп, күтіп алып, маған уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымды айтамын. Жеңісті күндеріміз көп болсын. Көк туымыз көкте желбірей берсін. Олимпиадада ел намысын қорғап жатқан спортшыларымыз қоржынымызды алтынға толтыра берсін деген тілегім бар", - деп ағынан жарылды Елдос Сметов.

Айта кетейік, бүгін, 5 тамызда қазақстандық жанкүйерлер Алматы қаласының әуежайында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдодан Қазақстан құрамасын күтіп алған болатын.

Сондай-ақ Алматы қалалық дзюдо федерациясы Париждегі Олимпиадада қола жүлде алған дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144599-eldos-smetov-ystyq-yqylaspen-kutip-algan-zhankuierlerge-algys-aitty-video/