Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сергей Емельянов Олимпиаданың іріктеу кезеңінде сынға түсті

Жарияланған күні:

Сергей Емельянов
Сергей Емельянов. Фото: Olympic.kz

Каноэде ескек есуден ерлер арасында жекелей сында Сергей Емельянов Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Сергей Емельянов Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде каноэде ескек есуден 1000 метр қашықтықта жекелей сында өнер көрсетті.
  • Қазақстандық спортшы өз тобында бес қатысушының арасында төртінші орын алды, оның нәтижесі – 4:05:31.
  • Ереже бойынша, Емельянов ширек финалда өнер көрсетіп, жартылай финалға өту мүмкіндігіне ие болады.

Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аясында 1000 метрге каноэде ескек есуден ерлер арасында жекелей сында Сергей Емельянов бақ сынады. Нәтижесінде қазақстандық спортшы өз тобында өнер көрсеткен бес спортшының ішінен мәреге төртінші болып келді. Оның көрсеткіші – 4:05:31.

Ереже бойынша әр топта үздік атанған 2 спортшы жартылай финалға тікелей жолдама алады. Ал кейінгі орынға жайғасқан спортшылар ширек финалда бақ сынап, жартылай финалға өтуге тырысады.

Кеше, 6 тамызда Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов (каноэ, 500 м) дуэті де ширек финалдық бәсекеге қатысып, өз тобында соңғы болып келген еді.

Сондай-ақ 1000 метрге байдаркада ескек есуден ерлер арасында жекелей сында қазақстандық Бекарыс Раматулла өнер көрсетіп, өз тобында сынға түскен алты спортшының ішінен соңғы болып мәре сызығын кесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145769-sergei-emelianov-olimpiadanyng-irikteu-kezenginde-synga-tusti/