jitsu gif
Спорт

    Юлия Путинцева АҚШ-тағы беделді турнирдің финалына шықты

    Юлия Путинцева
    Юлия Путинцева. Фото: Michele Eve Sandberg/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Американың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 ауыр турнирінің жұптық сайысында финалға шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Спортшы канадалық Лейла Фернандеспен дуэтте өнер көрсетеді.

    Жартылай финалда олардың жұбы чехиялық Линда Носкова мен ресейлік Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Қарсыластар кортта 1 сағат 16 минут өткізді.

    Путинцева мен Фернандес үшінші орын алған америкалық Айша Мұхаммед және жаңа зеландиялық Эрин Рутлифпен чемпиондық атаққа таласады, ал жартылай финалда 7:6 (7:5), 6:3 есебімен британдық Гарриет Дартты және австралиялық Эллен Пересті 6:3 есебімен ұтты.

    Қазақстан уақыты бойынша 19 тамызға қараған түні әйелдер арасындағы жұптық сында Цинциннатидегі турнирдің финалы өтеді.

    Еске салсақ, әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 ауыр турнирінде америкалық Коко Гауффты ұтқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.