jitsu gif
Спорт

    "Хайп ұстағысы келді": Нұралы Әліп Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналист туралы айтты

    Нұралы Әліп
    Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

    Қазақстан құрамасының және ресейлік "Зенит" командасының футболшысы Нұралы Әліп ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналист туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Маусымда Астана өткен баспасөз мәслихаты кезінде Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов өзіне қазақша сұрақ қойған журналиске шүйліккен еді. Футболшы Нұралы Әліп бұл туралы не ойлайтынын айтты.

    "Черчесов ол жерде осетин тілінде де жауап бере алатынын айтқан. Мен оны түсіндім. Өйткені Қазақстандағы журналистердің бәрі орыс тілін біледі. Ал ол (журналист) қазақ тілінде сұрақ қойды. Ол хайп ұстағысы келді", - деді Нұрәлі Әліп "Зенит" клубының Youtube-тағы подкасында.

    Айта кетейік, Нұралы Әліп петербургтік "Зенит" сапында 2022 жылдан бері ойнайды. Ол биыл 7 тамызда клубпен келісімшартын 2027/2028 маусымның соңына дейін ұзартты. Нұралы "Зенитпен" бірге Ресейдің үш дүркін чемпионы және ел Суперкубогының иегері атанды, сондай-ақ Ресей Кубогын жеңіп алды.

    "Хайп ұстағысы келді": Нұралы Әліп Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналист туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.