Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ринг – менің екінші үйім": шаршы алаңның еденін жуған Әлімханұлы жанкүйерлердің ықыласына бөленді (видео)

Жарияланған күні:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Скриншот: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасына жаттығу залын тазалап жүрген видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Ринг – менің екінші үйім. Жұрт мені қарапайым екен деп ойласын деп емес, жастарға бағыт болсын деп әдейі осы видеоны жүктедім. Аға болып ініге жол көрсетіп, дұрыс түсінік қалыптастыра алмасам маған сын! Чемпион болсаң да болмасаң да өзің жаттығатын залды таза ұстау керек! Еденді жуа салу, рингті тазалай салу адамды өсірмесе, өшірмейді! Көтермесе, төмендетпейді!", - деп жазды Әлімханұлы.

Желі қолданушылары видеоға пікір қалдырып, Жәнібек осы әрекетімен жастарға үлгі болғанын жазып жатыр.

"Жарайсың чемпион, үлгі тұтар азаматсың ғой", "Міне нағыз мұсылмандық, міне нағыз адами қасиет! Өсіп келе жатқан інілерге үлкен өнеге көрсетіп жатырсың! Осы қасиетіңнен айырылмасаң даңқты чемпион боларыңа сенімдіміз!", "Алар асуың мол болсын бауырым", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан боксшы қазанда жаңа зелендиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жекке шығатынын айтқан еді. Екі боксшы 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек еді. Алайда Әлімханұлы салмақ өлшеу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160003-ring-mening-ekinshi-uiim-sharshy-alangnyng-edenin-zhugan-alimhanuly-zhankuierlerding-yqylasyna-bolendi-video/