jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық мергендер Азия кубогында 5 алтын жеңіп алды

    Эдуард Ещенко
    Эдуард Ещенко. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Стенд атудан Алматы облысында өткен Азия кубогінде қазақстандық мергендер тағы бес алтын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Скит" бағдарламасы бойынша Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер арасында Әсем Орынбай топ жарса, ерлер арасында Эдуард Ещенко көш бастады. Аралас жұптық сында Орынбай мен Ещенко финалда катарлықтарды жеңіп, ел қоржынына үшінші алтынды  салды.

    Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Адель Садақбаева үштігі әйелдер арасындағы командалық сында чемпион атанды. Сондай-ақ, ерлер арасында Давид Почивалов, Эдуард Ещенко және Илья Пенков бірінші орын иеленді. Ал Максим Почивалов, Артем Седельников және Владислав Заводиленко жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста  алтыннан алқа тақты. 

    Айта кетейік, осыған дейін Владлен Калимулин "дубль-трап" бойынша жекелей сында қола медаль иеленген еді. Сондай-ақ "трап" санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді.

    Қазақстандық мергендер Азия кубогында 5 алтын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.