jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ризабек Айтмұхан UFC файтері Шавкат Рахмоновтың күрес деңгейіне баға берді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың желтоқсанда өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов уақытша чемпиондық белбеу үшін UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усманмен кездесу өткізуге дайын екенін айтқан.

    "Мен Шавкаттың жеңетініне сенемін. Ол күресте Усманға мүмкіндік бермейді. Соңғы жылдары Шавкат Рахмоновтың күрес деңгейі айрықша көтерілді. Шавкат UFC чемпионы болуға дайын. Белал Мухаммад? Ол да өте мықты, бірақ мен Шавкатқа сенемін. Оның шеберлігі мен күшіне сенемін", - деді Ризабек Айтмұхан.

    Сондай-ақ 36 жастағы америкалық файтер Колби Ковингтон қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновты кездесуге шақырған болатын.

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

    Ризабек Айтмұхан UFC файтері Шавкат Рахмоновтың күрес деңгейіне баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.