jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Манчестер Юнайтед" клубының жаңа бас бапкері ағылшынша білмегені үшін кешірім сұрады (видео)

    Рубен Аморим
    Рубен Аморим. Фото: Justin Setterfield/Getty Images

    Англияның "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері қызметіне португалиялық маман Рубен Аморим тағайындалған болатын. Әлеуметтік желіде оның ағылшын журналисімен тіл мәселесі бойынша өрбіген диалогының видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желіде тараған видеода журналист Рубен Амориден ағылшын тілінде жауап беруін сұрайды. Португалиялық маман бұл сұраққа ұялып жауап бергенін аңғаруға болады. Тіпті ол ағылшын тілін білмегені үшін кешірім сұрайды.

    – Біз нені сағынып жүргенімізді білесіз бе?

    – Нені?

    – Сіздің керемет ағылшыншаңызды.

    – Кешіріңіз…

    – Сізден бір ауыз ағылшын тілінде жауап ала аламыз ба?

    – Кешіріңіз, мен қазір ағылшынша сөйлей алмаймын.

    – Не үшін?

    – Кешіріңіз.

    Португалиялық маманның аудармашысы журналиске оның алдағы уақытта міндетті түрде ағылшын тілінде жауап беретініне уәде берді.

    Сондай-ақ дәл осыған ұқсас жағдай футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басынан екі мәрте өткен еді. Алғаш рет 26 маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналист Нұрсұлтан Құрманмен сөз таластырып қалды. Ал екінші жайт 13 қазанда Алматыда өткен Қазақстан – Словения матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында болған. Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске бас бапкер: "Сен французша сөйлеп отырсың ба?" - деп тіл қатқан.

    Қазақстандық жанкүйерлер әлеуметтік желіде тараған видеоға пікір қалдырып, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовті де сынға алған.

    "Біз шетел сияқты болсақ, Черчесов қазақша сөйлейді", "Екеуінің айлықтары бірдей! Деңгейлері жер мен көктей!", "Міне, мәдениет деген осы"; "Бізде Қазақстанда қаншама қазақ өзінің ана тілінде сөйлей алмайды. Ал біз Черчесовке ренжиміз", - деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетейік, Рубен Аморим бұған дейін тек португалиялық клубтарда бас бапкер болған. Алғаш "Каза-Пия" клубында (2018-2019), кейін "Брага" командасында (2019-2020), "Спортинг" клубында (2020-2024) қызмет еткен.

    "Манчестер Юнайтед" клубының жаңа бас бапкері ағылшынша білмегені үшін кешірім сұрады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.