jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина ең бай әйел спортшылардың тізіміне енді: теннисші биыл қанша ақша тапты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан әлемдегі топ-15 әйел спортшының қатарына кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportico порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Елена Рыбакина Sportico порталының рейтингінде 14-орынға жайғасты. Ол биыл 7,9 миллион доллар (3,9 млн доллары сыйақы және 4 миллион доллары демеушілер есебінен) табыс тапқан. Бұл теңгеге шаққанда шамамен – 4,1 млрд теңге.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша топ-15 ең бай әйел спортшылар:

    • 1. Кори Гауфф (АҚШ) — 30,4 млн доллар;
    • 2. Эйлин Гу (АҚШ) – 22,1 млн доллар;
    • 3. Ига Швентек (Польша) — 21,4 млн доллар;
    • 4. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 20,6 млн доллар;
    • 5. Арина Соболенко (Беларусь) — 17,7 млн доллар;
    • 6. Наоми Осака (Жапония) — 15,9 млн доллар;
    • 7. Эмма Радукану (Ұлыбритания) — 14,7 млн доллар;
    • 8. Нелли Корда (АҚШ) – 14,4 млн доллар;
    • 9. Симона Байлз (АҚШ) – 11,1 млн доллар;
    • 10. Кэйтлин Кларк (АҚШ) – 11,1 млн доллар;
    • 11. Жасмин Паолини (Италия) — 10 млн доллар;
    • 12. Джино Титикул (Таиланд) – 9,1 млн доллар;
    • 13. Джессика Пегула (АҚШ) — 8,2 млн доллар;
    • 14. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 7,9 млн доллар;
    • 15. Лидия Ко (Жаңа Зеландия) – 6,7 млн доллар.

    Еске салайық, Елена Рыбакина биыл ең көп табыс тапқан теннисшілер тізімінде үздік ондыққа енген болатын.

    Елена Рыбакина ең бай әйел спортшылардың тізіміне енді: теннисші биыл қанша ақша тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.