jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты

    Әділбек Мусин
    Әділбек Мусин. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Мажарстан астанасы Будепештте өтіп жатқан жүзуден әлем чемпионатында Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әділбек Мусин әлем чемпионатында баттерфляй әдісімен жүзуден жекелей сайыста (100 м) сынға түсті. Ол мәреге 50.55 секундта жетіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Алайда Әділбек бұл көрсеткішпен жарысты 26-болып аяқтады.

    Тағы бір қазақстандық спортшы Максим Сказобцов 34-орынға табан тіреді. Ол белгіленген межені 51.50 секундта жүзіп өтті.

    Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 4х50 метрлік аралас эстафетада ел рекордын орнатқан еді. Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 минутта аяқтады. Сондай-ақ бұл әлем біріншілігінде Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада Қазақстан рекордын жаңартты.

    Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.