УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңдері аяқталып, плей-офф кезеңіне қатысатын командалар анықталды. Елордадық ұжым да турнирдегі жорығын аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Sports.kz басылымының мәліметінше, Конференция лигасының топтық кезеңінің әр қатысушысы 3 миллион 170 мың еуродан алған. Матчтағы жеңіс үшін – 400 мыңнан, тең ойын үшін 133 мың еуро қарастырылған.
Елоардалық "Астана" бұл кезеңде сербиялық клуб "Бачка-Тополаны" жеңіп (1:0), португалиялық "Витория Гимарайншпен" (1:1) және кипрлік АПОЭЛ-мен (1:1) тең түсті. Осылайша "Астана" кем дегенде 3 миллион 836 мың еуро табыс тапса, соның ішінде 666 мыңы жеңіс пен тең ойындардан түскен бонустар. Сонымен қатар клубтар маркетинг арқылы да табыс таба алады. Алайда мұндағы сандар жария бола бермейді.
Биылғы еурокубок маусымында "Астанадан" бөлек тағы бірнеше қазақстандық клуб сынға түсті. Бірақ олар іріктеу кезеңінен ары аса алмады.
- "Ақтөбе" – 150 000 еуро (Конференция лигасының бірінші кезеңінде шығып қалды);
- "Тобыл" – 575 000 еуро (Еуропа лигасының бірінші раундында, Конференция лигасының екінші кезеңінде жарысты аяқтады);
- "Ордабасы" – 1 миллион 160 мың еуро (жорығын Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде, Еуропа лигасының екінші кезеңінде, Конференция лигасының үшінші кезеңінде аяқтады + топқа іліге алмаған чемпион ретінде УЕФА-дан 260 000 еуро бонус).
Айта кетейік, "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде 5 ұпай жинақтап, турнир кестесінің 28-орнына жайғасты. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2202671-astana-konferentsiia-ligasyna-qatysqany-ushin-2-mlrd-tenggege-zhuyq-tabys-tapty/