jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина бұрынғы бапкері туралы тосын мәлімдеме жасады

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина командасына бұрынғы бапкері Стефано Вуков оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өткен жылы тамызда Елена Рыбакина өзін 5 жыл жаттықтырған хорватиялық бапкері Стефано Вуковпен серіктестікті тоқтатқанын жариялаған еді. Енді ол күні кеше Instagram Stories-те Вуков туралы мәлімдеме жасады.

    "Бәріңе сәлем! 2025 жылғы маусымда Стефаноның командаға қосылатынын қуана хабарлаймын. Бәріне қолдау үшін алғыс айтамын. 2025 жыл керемет өтуін тілеймін", - деп жазды Рыбакина.

    Айта кетейік, Елена Рыбакина 2024 жылы қарашада бұған дейін Новак Джоковичпен жұмыс істеген Горан Иванишевичпен серіктестікті бастағанын мәлімдеген еді.

    Қазір Рыбакина ұлттық құрамамен бірге Аустралиядағы United Cup командалық турнирінде бақ сынап жатыр. Қазақстан құрамасы бұл жарыстың жартылай финалына шықты.

    Елена Рыбакина бұрынғы бапкері туралы тосын мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.