Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"50 мың доллар жұмсаған кезім болды": қазақстандық теннисші айлық шығынын айтты

Жарияланған күні:

Қазақстандық теннисші Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик табысы мен шығындары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Матч ТВ" телеарнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Бублик Қазақстандағы ең табысты спортшылардың қатарына кіреді. Теннисші өткен жылы 1,5 млн АҚШ долларынан астам пайда тапқан.

"Мен өзімді де, отбасымды да ештеңеден шектемеймін, өйткені табысым бәріне жетеді. Дегенмен, бұл мәселеге рационалды түрде қарауға тырысамын: құнды заттар, жылжымайтын мүлік сатып аламын, инвестиция құямын. Ең бастысы ақша ешқашан таусылмайды деп ойламау керек. Кез келген соманы өте қысқа мерзімде оңай жұмсап жіберуге болады. Егер қатты қаласаңыз, бір айда миллион долларды да, екі, бес немесе он миллионды да жұмсауға болады. Бұл ақша маған аспаннан түспейді, үлкен еңбекпен келеді. Сондықтан ақшаға құрметпен қараймын. Әрине, өзіңізді және отбасыңызды қуанту керек. Ақшаны рахаттанып жұмсау қажет", - деді Бублик.

Спортшы командасына жылына 300-400 мың доллар жұмсайтынын айтты. Сондай-ақ ол жеке өзіне ай сайын қанша қаржы кететіні туралы сұраққа жауап берді.

"Мұны айту қиын, есептеген жоқпын. Қарапайым өмір сүріп жатырмын. Бірақ айына тек өзіме 50 мың доллар жұмсаған кездер болған. Демалыста жүріп, клиникада ем қабылдап, тексерулерден өткен кезде, тіпті, 100 мың доллар құртқан да болуым мүмкін", - деді Бублик.

Еске салайық, қазақстандық теннисшілердің Australian Open турниріндегі қарсыластары қашан анықталатынын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2208254-50-myng-dollar-zhumsagan-kezim-boldy-qazaqstandyq-tennisshi-ailyq-shygynyn-aitty/