jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әлемнің үздік шахматшыларының бірі Магнус Карлсен шаңырақ көтерді (фото)

    Магнус Карлсен мен қалыңдығы
    Магнус Карлсен мен қалыңдығы. Фото: AMANDA PEDERSEN GISKE/NTB/AFP via Getty Images

    Шахматтан әлемнің 16-чемпионы, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен 4 қаңтарда үйленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ NRK сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсен мен оның қалыңдығы Элла Виктория Мэлоунның үйлену тойы Норвегия астанасы Ослоның ең биік нүктесінде орналасқан Холменколлен аймағындағы шағын шіркеуде өткен.

    Дереккөздің мәліметінше, Элла Виктория Мэлоун Осло қаласында дүниеге келген. Оның норвегиялық және америкалық тегі бар. 26 жастағы Элла Магнустан 8 жас кіші.

    Магнус Карлсеннің тойы 2024 жылы Нью-Йоркте (АҚШ) болған әлем чемпионатынан бірнеше күн өткеннен кейін ұйымдастырылды. Турнирде Магнус Карлсен дау-дамайға ұласқан жағдайға тап болған еді.

    Еске салайық, бұл әлем чемпионатында Магнус Карлсен ол блицтен алтын медальді жеңіп алды. Сондай-ақ бұл титулды ресейлік Ян Непомнящий де иеленді.

    Магнус Карлсен мен қалыңдығы
    Магнус Карлсен мен қалыңдығы. Фото: AMANDA PEDERSEN GISKE/NTB/AFP via Getty Images

    Магнус Карлсен мен қалыңдығы
    Магнус Карлсен мен қалыңдығы. Фото: AMANDA PEDERSEN GISKE/NTB/AFP via Getty Images

    Магнус Карлсен мен қалыңдығы
    Магнус Карлсен мен қалыңдығы. Фото: AMANDA PEDERSEN GISKE/NTB/AFP via Getty Images

    Әлемнің үздік шахматшыларының бірі Магнус Карлсен шаңырақ көтерді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.