jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Бауы берік болсын": Черчесов ұлттық құрама ойыншысын әке атануымен қазақша құттықтады

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Jurij Kodrun/Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Instagram желісіндегі ресми парақшасында жартылай қорғаушы Рамазан Оразовты ұлының дүниеге келуімен қазақ тілінде құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Станислав Черчесов ұлттық құраманың ойыншысы Рамазан Оразовтың әке атануымен құттықтап, Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақ тілінде жазба қалдырды.

    "Рамазан Оразовтан сүйінші жаңалық жетті. Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы тағы да әке атанды. Рамазан мен оның жұбайын осы қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Дүние есігін ашқан сәбилерің аман есен ер жетсін. Мүмкін, болашақта әке ізін жалғап, футболшы болуды таңдайтын шығар. Соған сенейік. Бауы берік болсын!", - деп жазды Станислав Черчесов.

    Сондай-ақ жақында Станислав Черчесов әлеуметтік желідегі парақшасында шабуылшы Абат Айымбетовтің Түркиядағы ойынына қатысты қазақ тілінде баға берген.

    Еске салайық, бас бапкер Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

    "Бауы берік болсын": Черчесов ұлттық құрама ойыншысын әке атануымен қазақша құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.