Спорт

Зектілері

IJF Judo Awards сыйлығы: Сметов "Жылдың үздік дзюдошысы" номинациясы бойынша шорт-параққа енді

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Дзюдошы Елдос Сметов. Фото: JACK GUEZ/AFP via Getty Images

Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов IJF Judo Awards сыйлығының "Жылдың үздік дзюдошысы" номинациясы бойынша шорт-параққа енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҰОК мәліметінше, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) "Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы" номинациясы бойынша IJF Judo Awards 2024 шорт-парағын ұсынған.

Бұған дейін кеңейтілген тізімге Франция астанасы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жеті жеңімпазы енген еді.

Тізім IJF сайты арқылы көрермендердің дауыс беруі негізінде жасалған. Нәтижесінде жеті үміткердің ішінен үш дзюдошы таңдалған. Олар: қазақстандық Елдос Сметов, әзербайжандық Хидаят Гейдаров және грузиялық Лаша Бекаури.

Енді бұл номинация бойынша жеңімпазды IJF сарапшылар комиссиясы анықтайтын болады.

Марапаттау рәсімі 1-2 ақпан күндері Парижде болатын Grand Slam турнирі кезінде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2212133-ijf-judo-awards-syilygy-eldos-semetov-zhyldyng-uzdik-dziudoshysy-nominatsiiasy-boiynsha-short-paraqqa-endi/