jitsu gif
Спорт

    Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тағы бір қызметке ие болды

    Ермағанбет Бөлекпаев
    Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: t.me/KZgovernment

    Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және "Шахтер" ФК-ны премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойған.

    Сондай-ақ Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырған. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында "Шахтер" ФК филиалдары ашылады.

    "Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.

    Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас дарынды футболшыларды іздеуге көмектеседі", - делінген хабарламада.

    Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Қарағандыда УЕФА стандарттарына сәйкес заманауи стадион, жыл бойы жаттығуға арналған футбол манежін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл облыс орталығында бас стадионды және өңірдегі бірқатар қаладағы стадиондарды жаңғырту жоспарланған.

    Естеріңізге сала кетсек, жуырда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев QAZAQSTAN RUGBY заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып сайланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.