jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ел чемпионатында топ жарған дзюдошы егіз қыз туралы не білеміз

    Нұрсезім Тұрлыбек пен Гүлсезім Тұрлыбек
    Нұрсезім Тұрлыбек пен Гүлсезім Тұрлыбек. Видеодан кадр: 24.kz

    Орал қаласында дзюдодан жасөпірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарыста шымкенттік егіз қыздар топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Нұрсезім Тұрлыбек пен Гүлсезім Тұрлыбек өз салмақтарында өте жақсы белдесіп, қарсылас шақ келтірмеген.

    Нәтижесінде Нұрсезім 63 килограмм, Гүлсезім 70 килограмм салмақ дәрежесінде чемпион атанған. Осылайша, бір үйдің қыздары бір күнде жеңіс тұғырына көтерілген.

    Қазақстан чемпионаты аясында 16 салмақтағы үздіктер анықталған. Нәтижесінде жекелей сында жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласының құрамасы бірінші, Алматы қаласы екінші орын алған. Үздік үштікті Қарағанды облысынан келген спортшылар түйіндеген.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов IJF Judo Awards сыйлығының "Жылдың үздік дзюдошысы" номинациясы бойынша шорт-параққа енгенін хабарлаған едік.

    Бұл номинация бойынша жеңімпазды IJF сарапшылар комиссиясы анықтайтын болады. Марапаттау рәсімі 1-2 ақпан күндері Парижде болатын Grand Slam турнирі кезінде өтеді.

    Ел чемпионатында топ жарған дзюдошы егіз қыз туралы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.