jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Үшінші алтын: Владислав Киреев Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды (фото)

    Владислав Киреев
    Владислав Киреев. Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

    Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Владислав Киреев топ жарды. Ол биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Биатлоннан спринт сайысында төрт қазақстандық спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті.

    Владислав Киреев пен Вадим Куралес
    Владислав Киреев пен Вадим Куралес. Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

    Мәре сызығын екінші болып кескен тағы бір спортшымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды. Ол биылғы маусымда ғана негізгі құрамда өнер көрсете бастаған.

    Үшінші орынды қытайлық Гу Цан иеленді.

    Ал Әсет Дүйсенов алтыншы, Александр Мухин жетінші орынға тұрақтады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші алтын медаль.

    Бұған дейін фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы елімізге екінші алтын медальді сыйлаған еді. Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.

    Жеңісіне қуанып жатқан Владислав Киреев пен Вадим Куралес
    Жеңісіне қуанып жатқан Владислав Киреев пен Вадим Куралес. Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

    Үшінші алтын: Владислав Киреев Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.