jitsu gif
Спорт

    Гимнаст Диас Тойшыбек Словениядағы Challenge Cup кезеңінде жеңімпаз атанды

    Диас Тойшыбек
    Диас Тойшыбек. Фото: ҰОК баспасөз қызметі

    Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ол ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті. Тойшыбек ақтық сында төрешілердің шешімімен 14,033 ұпай жинады.

    Сонымен қатар Зейнолла Ыдырысов 13,866 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды — 13,200 ұпай.

    Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық көркем гимнастшылар Сингапурдегі Азия чемпионатында тұңғыш рет көпсайыстан алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.