Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз қызын секс құлдыққа сатқан келіншек аяусыз соққыға жығылды (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде қырғыз қыздарын Түркияға апарып, секс құлдыққа сатқан келіншекті аяусыз азаптаған видео пайда болды. Бұл дерек әлі ресми түрде расталмаса да, желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

Бұл туралы NUR.KZ порталы zanoza.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Түркияның Анталья қаласында секс құлдықта болып, кейін аяусыз азапталған 1996 жылғы қырғыз қызы туралы мәлімет тараған болатын. Ауыр соққыға жығылған бойжеткен бас сүйегі жарылып, сал ауруына шалдықты. Түрік дәрігерлері қыздың өмірін сақтау үшін үш рет ота жасаған.

Содан соң, Түркияда 93 қызды секс құлдыққа салды деген айыппен тағы бір қырғыз келіншегінің соққыға жығылған сәті тарап кетті. Оны соққыға жыққандар кезінде секс құлдыққа салынған қыздар болуы мүмкін.

Измирдегі елшілік өкілдеріне жеткізілген жеңгетай келіншектің өзімен бірге құжаттары болмаған. Алдын ала дерек бойынша, құжатты келіншекті соққыға жыққандар өртеп жіберуі мүмкін.

Ауыр азапталған қырғызстандық азаматшаны полицейлер Измирдегі пәтерлердің бірінен тапқан.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Тағы оқыңыздар:

Еліміздегі ірі холдингтің ақшаны қалай ұрлағаны белгілі болды

Халықаралық қордың өкілі: Ұлттық банк төрағасы қысымға ұшырап отыр

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда тағы да үшінші орын алды (фото, видео)

Өмірден қыршын кеткен ақтөбелік қыздың тағдыры көрерменді жылатты

Қырғыз бойжеткені жігітіне көз салған қызды сабап тастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1403788-turkiyada-qyrghyz-qyzyn-seks-quldyqqa-s/

pixel