jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркия халқы Қытайдың Шыңжаңдағы саясатына қарсы шықты (видео)

: Facebook

Түркияда Шығыс Түркістандағы мұсылмандарға қолдау көрсету үшін наразылық акциялары өтті деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

порталы aa.com.tr.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр / aa.com.tr/ru / yenisafak.com/Umit Bektas
Фото: видеодан кадр / aa.com.tr/ru / yenisafak.com/Umit Bektas: Facebook

Скарья аймағындағы Адапазар ауданындағы "Ага" мешітіндегі жұмадан соң тұрғындар "Шығыс Түркістандағы зорлыққа жол жоқ" және "Шығыс түркістан үшін дауысыңды шығар" деген плакаттармен жиналды.

Түркияның Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және гуманитарлық көмек қорының (IHH) жастар қанатының басқарма мүшесі Сакария Хасан Шенгюль Қытайдағы аз ұлттардың ассимиляциясы мен қорқыту саясатын айыптады.

Шенгюльдің айтуынша, мұсылмандар физикалық және психологиялық қысымға ұшырайды, ал кейбір жағдайларда олар өлтіріледі.

İHH өкілінің сөзінше, Қытай билігі Шығыс Түркістанда 16 концлагерь құрылып, онда бүгінде әр ұйғыр отбасының кемінде бір мүшесі бар. Бұл негізінен 20-40 жастағы ер адамдар. Бұл лагерьлерде олар діндерін өзгертуге және Қытай Коммунистік партиясының идеологиясын қабылдауға мәжбүр.

Осыған ұқсас іс-шаралар 20 желтоқсанда Түркияның басқа аймақтарында, соның ішінде Кожаели, Дюздже, Бартын және Карабюкте де өтті.

Айта кетсек, бұған дейін "Арсенал" командасы мен Түркияның футболшысы Месут Озил де Қытайдағы ұйғырларды қорғап, пікірін желідегі парақшасында білдірген. Осыдан соң қытайлық CCTV телеарнасы "Арсенал" мен "Манчестер Сити" арасындағы матчты экраннан алып тастады.

Еске сала кетсек, 4 желтоқсанда немістің Deutsche Welle телеарнасына берген сұхбатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы қазақтар мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Ол этникалық қазақтарды лагерьлерге қамау жөніндегі ақпарат Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының салдары екенін айтты.

Өз кезгінде Қытай билігі Тоқаевтың сөзіне пікір білдірген. БАҚ мәліметіне сәйкес, Бейжің Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы жағдайға байланысты ҚХР-ды қолдап айтқан "оң пікірлері" үшін Қазақстан президентін мақтап, "кейбір мемлекеттердің" жалған ақпарат тарату әрекеттері сәтсіздікке ұшырайтынын атап өткен.

Түркия халқы Қытайдың Шыңжаңдағы саясатына қарсы шықты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.