Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананы 10 күнде салып бітті (фото)

Опубликовано:

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға арналған аурухана қолданысқа берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

коронав
Фото: Синьхуа: UGC

Қытайлықтар коронавируспен ауырғандарға арналған емдеу мекемесін небәрі он күннің ішінде салып біткен. Ғимарат вирустың орталығында, Уханьда орналасқан деп жазады Синьхуа.

коронав
Фото: Синьхуа: UGC

Бүгін медициналық мекеме қолданысқа берілді. Онда 1400 әскери дәрігер жұмыс істейді. Аурухана 1000 адамға есептелген.

коронав
Фото: Синьхуа: UGC

коронав
Фото: Синьхуа: UGC

коронав
Фото: Синьхуа: UGC

коронав
Фото: Синьхуа: UGC

Айта кетсек, бұған дейін Қытай билігі коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухананы 10 күннің ішінде салып бітуді жоспарлап отырғаны хабарланды. Мекеменің құрылысына жүздеген құрылыс техникасы мен мыңдаған жұмысшы атсалысқан.

коронав
Фото: Синьхуа: UGC

Сол кезде-ақ құрылысшылардың ғимаратты жылдам салуда тәжірибесі бар екені айтылды. 2003 жылы Қытай астанасында аурухананы небәрі жеті күннің ішінде салып біткен еді.

Сондай-ақ, бұған дейін қытайлықтардың Ухань қаласына жақын жерден 1300 науқасқа арналған аурухана ашқаны хабарланды. Жоспар бойынша мамырда аяқталуы тиіс медициналық мекеме екі тәулікте салынып біткен.

Еске сала кетсек, бүгін Қытайда қауіпті коронавирустың салдарынан 361 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Сондай-ақ эпидемия салдарынан зардап шеккендердің саны 17205 адамға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839120-kytaj-koronavirus-zktyrgandarga-arnalgan-auruhanany-10-knde-salyp-bitti-foto/

pixel