Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада Қытайдан келгендер мінген автобусқа тұрғындар тас атты

Опубликовано:

Украинада Қытайдан эвакуацияланған азаматтарды өздерінің облыстарына орналастырғысы келмеген жергілікті тұрғындар наразылық акциясын өткізді. Митингтің арты жаппай тәртіпсіздік және полициямен қақтығысқа ұласты. Жиылған жұрт адамдары бар автобусқа тас лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украинада Қытайдан эвакуацияланғандар мінген автобусқа тас лақтырылды (видео)
Видеодан кадр: Facebook

Тәртіпсіздік Украинаның Полтавский облысында орын алған. Ел билігі Қытайдан эвакуацияланғандарды осы облыстағы шипажайға орналастыруға шешім қабылдапты.

Алайда жергілікті халық мұндай бастамаға қарсы болған. Кеше, 20 ақпанда облыс тұрығндары көліктерімен шипажайға барар жолды жауып тастады. Көшеге ондаған адам шыққан.

Нәтижесінде жиналғандар құқық қорғау органдарымен қақтығысып, бірнеше адам қамауға алынды.

Митингтер мен наразылық акциялары биліктің шешімін өзгерткен жоқ. Эвакуацияланған азаматтарды шипажайға орналастырған.

Азаматтар мінген автобусты полиция қызметкерлері алып жүрген, жол жағасына қоршау қойылған.

Осыған қарамастан тұрғындар наразылықтарын білдіріп, балағат сөздер айтып, автобусқа тас лақтырған. Салдарынан транспоттьық көліктің терезелері сынған деп жазады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, жергілікті тұрғындардың мұндай әрекеті эвакуацияланған украиналықтардың еңсесін түсірген.

Украина Ұлттық полициясының дерегінше, тәртіпсіздік салдарынан бір жергілікті тұрғын мен тоғыз полиция қызметкері зардап шеккен.

Жағдайға байланысты мемлекет басшысы Владимир Зеленский пікір білдірді. Ол наразылық білдірген азаматтардың әрекетін құп көрмей, Украинаға вирус тарамауы үшін биліктің барлық шараларды қолданғанын айтты.

Еске сала кетсек, кеше Украина өңірлерінің бірінде тәртіпсіздіктер басталғаны хабарланды. Жергілікті тұрғындар Қытайдан эвакуацияланған отандастары мен шетелдік азаматтардың өз аймақтарына орналастырылуына қарсы шыққан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1842036-ukrainada-kytajdan-kelgender-mingen-avtobuska-trgyndar-tas-atty-video/

pixel