Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ким Чен Ын өз өкілеттігінің бір бөлігін қарындасына тапсырды

Жарияланған күні:

Ким Чен Ын1
Фото: Korea Summit Press Pool/Getty Images

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын өз өкілеттіктерінің бір бөлігін ең жақын көмекшілеріне, оның ішінде өзінің қарындасы Ким Е Чжонға да мемлекеттік істерді бақылауды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ким Чен Ынның қарындасы Ким Е Чжон – Солтүстік Корея жұмысшылар партиясы Орталық Комитеті департаменті директорының бірінші орынбасары. Оған ағасының саяси істерінің көп бөлігі, соның ішінде Оңтүстік Кореямен және АҚШ-пен сыртқы қарым-қатынастар жүктелді.

Бұған дейін Ким Е Чжон маңызды мемлекеттік шараларда Ким Чен Ынмен бірге болған. Ренхаптың айтуынша, өкілеттіктердің ауысуы туралы ақпаратты Оңтүстік Корея тыңшылық агенттігі ашқан. Ким Чен Ынның басқа серіктестері әскери, экономикалық және әскери салалардағы өкілеттіктерді өз қолына алды.

БАҚ-тың хабарлауынша, міндеттердің мұндай бөлінуі Ким Чен Ынның билікте болуының "күйзелісін" төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, Солтүстік Кореядағы қазіргі саясат сәтсіздікке ұшырауы мүмкін, егер олай болса жауапкершілік жалғыз Ким Чен Ынға жүктелмейді деген қауіп бар.

Еске салсақ, бұған дейін америкалық басылым Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғанын мәлімдеген болатын.

Жапониялық жергілікті басылымдар 36 жастағы Ким Чен Ын жүрегіне жасаған отадан кейін қайғылы жағдайға түскенін хабарлаған.

Кейін Корея достастық қауымдастығының басшысы Алехандро Као де Бенос Ким Чен Ынның ауыр хәлде жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1870501-bak-kim-cen-yn-z-kilettigini-bir-bligin-karyndasyna-tapsyrdy/