jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ташкентте 10 метрлік кәуәп даярланды

кәуәп Ташкент
Фото: Sputnik / Рамиз Бахтияров

Өзбекстан астанасы Ташкенттің Навруз саябағында гастрономиялық фестиваль өтті. Демалыс орнының қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып қана қоймай, жергілікті жаңа рекордтың куәсі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Іс-шара барысында рекордтық көлемдегі ұнтақталған кәуәп даярланған. Он метрлік асты дайындауға 38 келі фарш кеткен.

Рекордтық кәуәпті әзірлеуге бар болғаны 15 минут жұмсалғанын айта кету керек.

Қонақтармен бірге туризм жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Азиз Абдухакимов да аспаздардың жұмысын тамашалап, дәмі тіл үйірер тағамның даярлануын тағатсыздана күткен.

Рекордтық кәуәп салтанатты түрде өлшенгеннен кейін көпшілік алдына сатылымға шығарылған.

Айта кетейік, бұған дейін адам ағзасын қартайтып, әжімдердің пайда болуын жеделдететін тағам туралы жазған болатынбыз.

Түріктің Sabah басылымы мәлім еткендей, қантты көп тұтыну салдарынан организмдегі липидтер мен ақуыздар бұзуылуы мүмкін. Бұл терінің серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеп соқтырады.

Сонымен бірге фастфудтар, майлы әрі қуырылған тағамдарда, маргарин мен консервіленген өнімдерде майдың мөлшері көп болады. Осының арқасында жүрек ауруларының пайда болу қаупі бар. Одан бөлек, майлы тағамдар қан тамырларын зақымдайды және терінің қан айналымын бәсеңдетеді.

Сондай-ақ осыған дейін АҚШ-тың Биотехнологиялық ақпарат Ұлттық орталығының мамандары зерттеу жүргізе келе, адамның терісін ұннан жасалған тағамдардан бас тарту арқылы жақсартуға болатынын анықтаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.