Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай Пелосидің келуіне жауап ретінде Тайвань төңірегінде ауқымды оқу-жаттығу бастады

Опубликовано:

Тайвань
Көрнекі фото: pexels.com

Қытай АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің сапарына жауап ретінде Тайвань айналасында ауқымды әскери жаттығуларды бастады, деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Қытай Халық-азаттық армиясының оқу-жаттығулары бүгін, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де) басталды.

Бұл Тайваньның айналасындағы алты айдында 7 тамыз 12:00-ге дейін жалғаспақ.

Қытай тарапы теңіз кемелері мен ұшақтарға координаттары бұрын жарияланған жаттығулар жүріп жатқан аудандардағы айдын мен әуе кеңістігіне кірмеу туралы ескерту жасады.

Еске сала кетсек, 2 тамызда АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ресми сапармен ұшып барды. Оның сапарын үш миллионға жуық желі қолданушысы бақылаған болатын.

Тайбэйде Пелоси Тайвань көшбасшысы Цай Инвэнмен кездесті.

Ал Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Пелосидің сапарын "империалистердің өркениетсіз кампаниясының кезекті көрінісі" деп атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1981739-pelosidin-keluine-zauap-retinde-qytai-taivan-tonireginde-auqymdy-oqu-zattygu-bastady/

pixel