Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия мен Сирияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқан адамдар саны 500-ден асты

Жарияланған күні:

Шанлыурфадағы құтқарушылар
Шанлыурфадағы құтқарушылар. Фото: Rauf Maltas/Anadolu Agency via Getty Images

6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі 500-ден астам адамның өмірін қиды. Қаза тапқандар арасында 230-дан астам сириялық пен кем дегенде 280 түрік азаматы бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым Сирияның Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасай отырып, Алеппо, Латакия, Хама және Тартус провинцияларында 237 адам қаза тауып, 639 адам зардап шеккенін хабарлады. Ал ведомство бұған дейін 111 адам қаза тауып, 516 адам зардап шеккенін мәлімдеген болаын.

Түркияда вице-президент Фуат Октайдың хабарлауынша, 284 адам қаза тауып, тағы 2383 адам жарақат алған.

Қаза тапқандардың көпшілігі Кахраманмараш провинциясында тіркелді, яғни 70 адам көз жұмды, мұнда 300-ге жуық ғимарат қираған.

Жараланғандардың көпшілігі Шанлыурфа провинциясының тұрғындары. Мұнда 600-ге жуық адам жарақат алған.

Еске салайық, дүйсенбі күні Түркияның Газиантеп қаласының маңында 7,5 балдық күшті жер сілкінісі болды, ол көршілес аймақтарға да әсер етті.

Жер сілкінісінің ошағы Газиантептен 27 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте болған.

Газиантептің солтүстік-батысында орналасқан Кахраманмараш қаласында, сондай-ақ Адияман, Диярбакыр және Малатьяда ғимараттар қирады.

Диярбакырда жер сілкінісі кезінде көпқабатты үйдің құлағаны видеоға түсіп қалған. Елдің бірқатар өңірінде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдап, тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008204-turkiya-men-siriyada-zer-silkinisi-kezinde-qaza-tapqan-adamdar-sany-500-den-asty/