Түркияда тағы 5,6 балдық жер сілкінісі болды
Жарияланған күні:
Сейсенбі, 7 ақпан күні Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) ресми сайты.
Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері UTC 03:13-те, яғни Астана уақыты бойынша 09:13-те тіркелген.
Сонымен қатар Түркияның аталған аймақтарында магнитудасы 3,4-тен 4,7-ге дейінгі тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Гельбашы ауданынан бес шақырым жерде орналасқан. Дүмпу екі шақырым тереңдікте болған.
Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан соңғы мәлімет бойынша 2921 адам қаза тапты. 16 мыңға жуық адам жарақат алса, 7 840 адам үйінді астынан шығарылған.
Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008329-turkiyada-tagy-56-baldyq-zer-silkinisi-boldy/