Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2921-ге жетті

Опубликовано:

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі
Кахраманмарашта қираған ғимарттың жанындағы құтқарушылар. Оқиға орны: Kemal Ceylan/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артуда. Жаңартылған мәліметтер бойынша, төтенше жағдай салдарынан 2921 адам қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu.

Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Юнус Сезардың сөзінше, зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Тағы 15 834 адам жарақат алды. Үйінді астынан 7 840 адам шығарылған.

Ал Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен 538 адам көз жұмған.

Еске салайық, 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді. 2,8 мыңға жуық ғимарат қираған.

Табиғат апатынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, үкіметке Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуді тапсырды.

Түркияның орталық бөлігінде 6 ақпанда Астана уақытымен сағат 16:24-те 7,7 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді. Кейбір мәлімет бойынша жерасты дүмпулері елдің шығыс бөлігінде де сезілген. Жер сілкінісі Түркия астанасы Анкарада да сезілді.

БАҚ жерасты дүмпулерін көршілес Сирия мен Ливияда да сезілгенін хабарлады.

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Ол Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008297-turkiyadagy-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-2316-ga-zetti/

pixel