jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркиядағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 4,5 мыңнан асты

Түркия жер сілкінісі 3
Оқиға орнынан фото: Usame Ari / Getty Images

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4,5 мыңнан асты. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) жер сілкінісі және тәуекелді азайту бөлімінің бас директоры Орхан Татарға сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 4544 адам қайтыс болған. Тағы 26 725 адам түрлі жарақат алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркиядағы зілзаладан үш қазақстандықтың жоғалып кеткеін жазған едік.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бүгін қазақстандық құтқарушылар мен медицина қызметкерлері көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісі болған аймағына аттанған еді. Жасақтың құрамында құтқарушы иттер де бар.

Кейінірек, қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына жеткені белгілі болды.

Қазіргі таңда қазақстандық құтқарушылар екі топқа бөлініп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркиядағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 4,5 мыңнан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.