Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға ұшып кетті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.
"Жеке құрам ұшаққа отырды, құтқару жабдықтарын жүктеу аяқталды. Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше, 7 ақпанда көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісі болған аймағына қазақстандық құтқарушылардың алғашқы тобы барған еді.
Кейін еліміздің Төтенше жағдайлар министірінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын баяндады.
Сонымен қатар министрлік бүгін құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанатынын хабарлады. Эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық топтар бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008569-qazaqstandyq-qutqarusylardyn-ekinsi-toby-turkiyaga-usyp-ketti-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.