Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 10 мыңнан асты
Жарияланған күні:
Түркияның оңтүстік шығысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны әлі де артуда. Жаңа мәліметтерді ел президенті Режеп Тайип Ердоған жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.
Түркия президенті келтірген деректерге сүйенсек, елдегі зілзала салдарынан құрбан болғандар саны 9057-ге, жарақат алғандар саны 52 979-ге жеткен.
Сирияның денсаулық сақтау министрі Хасан Мұхаммед әл-Габаш бүгін таңда зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1250-ге, жараланғандар саны 2054-ке жеткенін хабарлаған еді. Одан бері көз жұмғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жаңармады.
Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.
Табиғи апатқа байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008639-turkiya-men-siriyadagy-zer-silkinisi-saldarynan-qaza-tapqandar-sany-10-mynnan-asty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.