Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда зілзаладан аман қалған 16 сәби президент ұшағымен ел астанасына жеткізілді (фото)

Жарияланған күні:

Түркияның жер сілкінісі болған аймағынан аман қалған балаларды тасымалдау
Түркияның жер сілкінісі болған аймағынан аман қалған балаларды тасымалдауда. Фото: Twitter/EmineErdogan

Түркияда жойқын жер сілкінісінің ошағы болған Кахраманмараш проивинциясынан 16 сәби ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағымен Анкараға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, балалар ел астанасындағы ауруханалардың бірінде ем алуда.

Олардың ең кішісі туғанына небәрі 6 күн болса, үлкені екі айлық нәресте. Анкаралық аурухана дәрігерлері сәбилердің жағдайы тұрақты екенін, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтқан.

Сондай-ақ басылым Түркия президентінің жұбайы Эминэ Ердоғанның балалар жатқан ауруханаға барғанын жазады.

Өз кезегінде Эминэ Ердоған өзінің Twitter-дегі парақшасында сәбилермен түскен фотосуреттерін жариялап, оларға саулық тіледі.

"Табиғи апаттан зардап шеккен барлық балаларымыздың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Эминэ Ердоған Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен оған көршілес Сирияда жойқын жер сілкінісінен соң құрбандар саны 20 мыңға дейін өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008889-turkiyada-zilzaladan-aman-qalgan-16-sabi-prezident-usagymen-el-astanasyna-zetkizildi-foto/