Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісі салдарынан көз жұмған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Опубликовано:

Мирболат Құрмашев
Мирболат Құрмашев. Фото: instagram.com/madiyev

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза болған Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі елге жеткізілді. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қаза болған отандастарымыздың денесі 11 ақпан күні кешкісін Антакья қаласынан Алматы қаласына жеткізілді. Тасымалдау шығынының бәрін мемлекет өз мойнына алды", - дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Хатай провинциясында Қазақстанның үш азаматы мен олардың түрік досы жоғалып кеткен болатын.

8 ақпанда жоғалғандардың бірі - Сабина Мамадьярова ғимарат үйінділерінің астынан аман-есен табылып, ауруханаға жеткізілді.

9 ақпанда құтқарушылар жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандық Әділ Қадырбековтың денесін тапты.

Сондай-ақ онымен бірге Түркия азаматы Құбылай Кескиннің де денесі табылғаны белгілі болды.

Кейін екінші қазақстандықтың яғни Мирболат Құрмашевтың денесі табылғаны хабарланды.

Құтқарушылар марқұмдардың денесін жер сілкінісі кезінде қираған ғимарат үйінділерінің астынан алып шыққан.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 24 617-ге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009044-turkiyada-zer-silkinisi-saldarynan-koz-zumgan-eki-qazaqstandyqtyn-denesi-elge-zetkizildi/

pixel