Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллиардер емес, мультимиллиардер": қамаудан шыққан Қырғызстанның экс-президенті байлығы туралы айтты

Опубликовано:

Алмазбек Атамбаев стоит у микрофона
Алмазбек Атамбаев. Фото: Abylai Saralayev\TASS via Getty Images

Қамаудан шыққан Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, өзінің байлығы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Журналистер экс-президентке өзінің бірде миллиард долларлық байлығы бар екенін айтқанын есіне салды. Алайда Алмазбек Атамбаев қамауда отырған уақытында жұбайы Раиса Атамбаеваның қаржылық қиындықтарға тап болғанын бірнеше рет айтқан. БАҚ өкілдері сол ақшаның қайда екенін сұраған.

"Мен миллиардер емес, мультимиллиардер екенімді айттым. Өйткені менде 1 миллион доллар ғана емес. Раяның (Раиса Атамбаева - ред.) шотында әлі ақша бар, бірақ олар бұғаттаулы. Маған сенсеңіз, 90-шы жылдары сатып алған осы үй мен жер қымбат тұрады. Одан бөлек салынған мешіт менің жерімде – менің жеке меншігімде. Кейбіреулер 2 гектар жерді неге мешітке бергеніме ыза болады. Олар маған қомақты ақша ұсынды. Мен бай адаммын", - дейді Алмасбек Атамбаев.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері бұрынғы президенттің алдағы уақытқа қандай жоспары барын сұрады. Бұған жауап ретінде Атамбаев саясатқа қайта оралғысы келмейтінін айтады.

"Менде ондай ой жоқ. Бірақ кейде амалсыздан саясатқа барасың. Сондықтан мені ешкім саясатқа сүйреп апармаса екен деп Алладан сұраймын. Мен бейбіт адаммын, бірақ отбасымды біреу ренжітсе, мен жауап қайтарамын", - дейді ол.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қазан айында Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздіктер орын алған болатын. Митинг сайлау нәтижесімен келіспейтін қырғызстандықтардың Ақ үйді басып алып, өртеуіне және тонауға ұласты.

Наразылық кезінде Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

Атамбаев баспасөз мәслихатында ешкімнен, тіпті Сооронбай Жээнбековтан да кек алмайтынын айтты.

Жээнбеков 2017 жылы билікке Атамбаевтың демократиялық жолмен сайланған мұрагері және оның саясатын жалғастырушы ретінде келді. Алайда кейінірек Атамбаев пен Жээнбеков арасында келіспеушілік туындаған еді.

Еске салайық, кеше, 14 ақпанда Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қамудан шыққан болатын. Оған қатысты іс қосымша тергеуге жіберіліп, Атамбаевтың өзі шетелге емделуге рұқсат алды. Колония қақпасынан оны әріптестері мен журналистер күтіп алды.

Алмазбек Атамбаев 2019 жылы тамызда Қой-Ташта шабуыл кезінде ұсталған. Бұрынғы президентке қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, кейін тағы бірнеше айып тағылды. Алайда өткен жылы Атамбаев бірқатар іс бойынша ақталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009486-milliarder-emes-multimilliarder-qamaudan-syqqan-qyrgyzstannyn-eks-prezidenti-bailygy-turaly-aitty/

pixel