jitsu gif

Түркияда жер сілкінісінен 9 күннен кейін қарт әйел үйінді астынан құтқарылды

Түркияда аман қалған әйелді ауруханаға апаруда
Түркияда аман қалған әйелді ауруханаға апаруда. Фото: Ozkan Bilgin/Anadolu Agency/Getty Images

Түркияда Адыйаман провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін тоғыз күннен соң құтқарушылар егде жастағы әйелді ғимарат қирандыларының астынан аман алып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

77 жастағы Фатма Гүнгердің 6 ақпандағы жер сілкінісінен соң 212 сағаттан кейін құтқарылғаны хабарланды. Ол құлаған ғимарат қирандыларының астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар, агенттіктің хабарлауынша, Адыйаман провинциясында құтқарушылар үйінділер астынан 12 жасар баланы аман алып шықты.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен шамамен 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясы зардап шекті. Көршілес Сирия мемлекетінде де зілзала болды.

Айта кетсек, бұған дейін Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 40 мыңнан асқанын жазған едік.

Түркияда жер сілкінісінен 9 күннен кейін қарт әйел үйінді астынан құтқарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.