Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан асты

Опубликовано:

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары
Түркияда жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: Burak Kara / Stringer via Getty images

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35 мыңнан астам адамды құрағанын мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

Түркия президентінің сөзінше, елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 35 418 адам. Бұл - ел тарихындағы ең жойқын апат болды.

"Осы апатта қаза тапқан 35 418 азаматымның жаны жәннатта болсын", - деді Ердоған Анкарада апат салдарын жоюға қатысты басқарма орталығында сөйлеген сөзінде.

6 ақпандағы жер сілкінісі 1939 жылы 33 мыңға жуық адамның өмірін қиған Эрзинджандағы жер сілкінісін басып озып, Түркия тарихындағы ең көп адам өліміне әкелген табиғи апат болды.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен шамамен 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясы зардап шекті. Жер сілкінісі көршілес Сирияға да әсер етті.

Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 31 974 адамға жеткені хабарланған болатын. Сонымен қатар Сирияда 4614 қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009432-turkiyada-zer-silkinisinen-qaza-tapqandar-sany-35-mynnan-asty/

pixel