Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

74 жастағы қария қажылыққа жиған бар ақшасын зілзала құрбандарына таратып берді (видео)

Опубликовано:

Мехмет Чакирхан зілзаланы ауыр қабылдауда
Мехмет Чакирхан. Скриншот: youtube/MiddleEastEye

Әлеуметтік желіде қажылыққа жинаған қаражатын Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен жапа шеккендерге аударған қария туралы видео тарады. Бұл туралы Islamnews.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

74 жастағы Түркия тұрғыны Мехмет Чакирхан ұзақ уақыт бойы кіші қажылыққа бару үшін ақша жинап жүрген. Бірақ өз еліндегі алапат жер сілкінісі қарияның жүрегін ауыртады.

Мехмет атай өзінің отандастары секілді қажылыққа жиған қаражатын жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударды. Ол қажылыққа барғысы келгенімен, бұл ақшаны шын жүректен көмек ретінде беру Меккеге барудан да маңыздырақ екенін айтқан.

Желі қолданушылары қарияның бұл қадамына ризашылығын білдірді. Олар ақсақалдың бұл әрекетіне тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009571-74-zastagy-qariya-qazylyqqa-zigan-bar-aqsasyn-zilzala-qurbandaryna-taratyp-berdi-video/

pixel