Түркияда қиранды астында 9 тәулік бойы жатқан 74 жастағы әжей аман табылды
Жарияланған күні:
Түркиядан қуанышты хабар жетті. Жойқын жер сілкінісі болған Кахраманмарашта 226 сағат бойы үйінді астында жатқан кейуана құтқарылды, деп жазады Хабар24 арнасы.
Құтқарылған кейуана 74 жаста. Бұған дейін құтқарушылар тағы бірнеше адамды қиранды астынан аман алып шыққан. Олардың арасында балалар мен қарт кісі де бар.
Өңірде түнде сынап бағанасы нөлден төмен болып тұр. Жер сілкінісінен кейін қазір 9 тәуліктен астам уақыт өтті. Дегенмен мамандар үміт үзбейді.
Зілзала ошағы Кахраманмарашта 200-ден аса жер телімінде үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін 222 сағат бойы үйінді астында жатқан 42 жастағы әйел аман-есен құтқарылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009585-turkiyada-qirandy-astynda-9-taulik-boiy-zatqan-74-zastagy-azei-aman-tabyldy/