jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Кастрюльге сақтаған": Ресейлік құтқарушылар Түркиядағы қиранды астынан 150 мың доллар тауып алды

Ресейлік құтқарушылар қирандыларды тексеруде
Ресейлік құтқарушылар. Фото: Ресей ТЖМ

Түркиядағы жер сілкінісінен соң көмекке келген ресейлік құтқарушылар қирандылардың астынан ірі көлемде ақша тауып алды. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдай министрлігінің ресми Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік құтқарушылар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек барысында қираған үйдің астынан ақша тауып алған.

Үйінділерді ақтару кезінде кастрюльге толтырып салынған жүз долларлық купюралар табылды.

Кейін қиранды астынан табылған қаражат көлемі 150 мың АҚШ долларын құрағаны белгілі болды.

Құтқарушылар бұл қаражатты дереу жергілікті полицияға тапсырған.

Қазіргі таңда Сирия мен Түркияға аттанған ресейлік құтқарушылар өз елдеріне қайта оралды.

"Кастрюльге сақтаған": Ресейлік құтқарушылар Түркиядағы қиранды астынан 150 мың доллар тауып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.