Түркияда зілзала аймағында жүрген Денсаулық сақтау министрінің жанында жарылыс болды (видео)
Жарияланған күні:
Түркия Денсаулық сақтау министрінің жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарға сапарын оның дәл жанында болған жарылыс тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости AHaber телеарнасына сілтеме жасап.
"Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа медициналық қызметкерлермен сөйлесіп тұрғанда пеште көмір атылды", – делінген хабарламада.
Министрдің жағдайы жақсы, өміріне төнген қауіп-қатер жоқ екендігі атап өтілді.
Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрдан шенеунік пен оның жанындағы әңгімелесушілердің дәл жанында жарылыс болғанын көруге болады.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 және 7,6 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен шамамен 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясы зардап шекті. Зілзала көршілес Сирия мемлекетіне де әсер етті.
Соңғы мәліметтер бойынша Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 40 мыңнан асқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009725-turkiyada-zilzala-aimagynda-zurgen-densaulyq-saqtau-ministrinin-zanynda-zarylys-boldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.