Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қашып кетсем, өмір бойы арым мазалаушы еді": Жер сілкінгенде науқас сәбилерді құтқарған медбике сұхбат берді

Опубликовано:

Сейма Алакуч жер сілкінісі басталар сәтте
Сейма Алакуч. Скриншот: TRT Haber

Түркияның Газиантеп қаласындағы ауруханалардың бірінде жер сілкінісінің алғашқы минуттары бейнекамараға түсіп қалды. Сол сәтте кезекші медбикелердің бірі науқас сәбилерді құтқару үшін жүгіре жөнелген, деп жазады TRT Haber желісіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видео кадрларынан медбикенің жер сілкінгеніне қарамастан, ауруханадан қашып кетпей, науқас сәбилерді құтқаруға жүгіргенін байқауға болады.

Бұл медбикенің есімі - Сейма Алакуч. Ол өзінің әрекеті желіде кеңінен таралған соң сұхбат берген.

"Жер сілкінген кездегі менің міндетім - науқастарыма бару еді. Өйткені оларды қорғай аламын деп ойладым. Уақыт тығыз болғандықтан, оларға жүгіріп бардым. Себебі ары қарай не боларын болжау қиын. Мен оларды құтқарып, сыртқа алып шықтым. Бұл - сол кезде ойлаған жалғыз нәрсе еді. Үш палатада менің науқастарым жатты. Бір науқас менің жер сілкінісі туралы айғайлағанымды естіп, өзі шығыпты.

Жер сілкінді деп айғайладым, бірақ олардың қорқып, дабылға салынбауын да ойладым. Мұндай кезде өзің туралы ойламайды екенсің. Саған мұқтаж адамдар болады. Өйткені мұндай сәтте немен бетпе-бет келеріңді білмейсің. Бұл жер де қирап, олар астында қалуы мүмкін еді. Егер сол кезде қашып кетсем, өмір бойы арым мазалаушы еді...

Қандай жағдай болса да, міндетімді орындап, науқастарымды құтқаруым керек. Біздің ауруханада науқастарымыз әрдайым бірінші орында тұрады. Сол түні де жүрегім сезіп, осында келдім", - дейді Сейма Алакуч.

Айта кетелік, Сейманың жер сілкінген кездегі әрекетін көрген желі қолданушылары оған алғысын жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009928-qasyp-ketsem-omir-boiy-arym-mazalausy-edi-zer-silkingende-nauqas-sabilerdi-qutqargan-medbike-suxbat-berdi/

pixel