Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия мен Сирия шекарасында тағы да жер сілкінді

Жарияланған күні:

Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардың бірі
Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардың бірі. Фото: Mehmet Akif Parlak/Anadolu Agency via Getty Images

Түркия мен Сирияның шекарасында тағы да жер сілкінді. Магнитудасы 6,3-ті құрайтын зілзала жайлы жергілікті БАҚ хабарлап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Риа Новости мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен 23:04-те Түркияның Антакья қаласынан 9, Сирияның Латакия аймағынан 75 шақырымда сезілген.

Жерасты дүмпуінің ошағы екі шақырым тереңдікте орналасқан.

"Аяқ астында жер қозғалды. Қатты дүмпулер болды, қираған заттар бар",- деп хабарлады CNN Turk тілшісі.

Айта кетелік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында 7,5 балдық жойқын жер сілкінісі болып, 40 642 адам қайтыс болды.

Сирияда 5800 адам көз жұмған.

Жерасты дүмпулері 13,5 миллион адам тұратын Түркияның 10 провинциясында сезілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010158-turkiya-men-siriya-sekarasynda-tagy-da-zer-silkindi/