Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байденнің Украинаға жасаған сапарында оның жанында кімдер болды

Опубликовано:

Владимир Зеленский мен Джо Байден. Фото
Владимир Зеленский мен Джо Байден. Фото: Dimitar Dilkoff / AFP / Getty Images

Ақ үй шенеуніктері Джо Байденнің әскери қақтығыстар мен соғыс жүріп жатқан Киев сапарын үздік шешім деп айтуда.

Ақ үй шенеуніктерінің айтуынша, АҚШ президентінің Ирак пен Ауғанстанға сапарында аталған елдерге жіберілген көптеген америкалық әскерилер бірге жүрген. Сол себепті журналистер Байденнің Украинаға сапарын талай мәрте талқылағанымен, аталған оқиға көпшілік үшін күтпеген жағдай болған.

Америкалық сарапшылардың пікірінше Киевтегі дабылға қарамастан, АҚШ президентінің қала орталығында жүруі Польшадағы мәлімдемеге қарағанда, одан да маңызды оқиға болып отыр.

"Бұл тәуекелге толы әрекет, енді ешкім Джо Байден үшін тез шешімге келу - өте маңызды ұғым екенін барлығы түсінген шығар", - дейді Ақ үйдің ресми өкілі Кейт Бедингфилд.

Сонымен бірге дүйсенбі күні Байден АҚШ-тан Варшаваға екі күндік сапарға баратыны туралы жоспарлғанғаны белгілі болды. Алайда сапардың белгіленген кестесінде күмәнді бос уақыт кезеңдері болған.

Осылайша көпшілік АҚШ президенті осы уақытты Украинаға сапар жасау үшін қолданды деп болжаған.

Байденнің ұшағында ең негізгі қызметкерлер делегациясы, медициналық мамандар тобы мен қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған.

Сондай-ақ президентпен баруға екі журналистке ғана рұқсат еткен. Олардан Байден Киевке келмейінше ешкімге тіс жармау талап етілген.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік істері бойынша кеңесші Джейк Салливанның хабарлауынша, Байденнің Украинаға барарынан бірнеше сағат бұрын Ресейге хабар берілген. Оның сөзінше, бұл жанжалдың болдырмау мақсатында жасалған.

Айта кетсек, 20 ақпанда Джо Байденнің Украина астанасы Киевке келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010191-baidennin-ukrainaga-zasagan-saparynda-onyn-zanynda-kimder-boldy/

pixel